Роза тойшыбек


Айсұлу Тойшыбек: Өнердегі әйелдер әрқашан жұрттың назарында болды. Сондықтан саясаткер немесе ғалым әйелдерге қарағанда, Байсейітова мен Жиенқұлова туралы жақсырақ білеміз. Бұған қоса, олардың бейнесі ерекше болды. Оларды сахнадағы өнері, түскен фильмдері, суретшілердің қолынан шыққан картиналар арқылы танимыз. Олар жұлдыз болғандықтан да аудиторияға жақын. Әрі көбін бәріміз бала кезден таныған соң, бұл біз үшін сағыныш сезімін оятады.

Бізде сонымен қатар мемлекеттік үгіт-насихат қалыптастырған бейнелер де бар, алайда олар үнемі өміршең бола бермейді. Біз осыған қайшы жұмыс істеп, кейіпкерлерімізді жеке тұлғалық жағынан, жұмыс бойынша үлкен жүктемеден бөлек өмірдің қиындығы мен қасіретін де көрген қарапайым әйел ретінде көрсеткіміз келді. Жұлдыз болғанына қарамастан, олардың қай-қайсы да біраз қиындық көрген.

КСРО-да әйелдер қалай өмір сүрді, ана болу мен отбасындағы әйелдің орны қандай болды, әлеуметтік қамсыздандыру қалай жүзеге асты, осының барлығы қызық.


Тойшыбек: Біздің подкаст қазақ және орыс тілінде шығады. Бірақ талқылауға келетін спикерлер әртүрлі болған соң, подкаст та әртүрлі болып шығады. Наргиз екеуіміз Qazaq Roses-қа арнап дәріс оқыған зерттеуші Камила Смағұловамен бірге адам, соның ішінде әйелдің әлеует-мүмкіндігі туралы көбірек айтамыз, содан кейін қоғамдағы оқиғалар жөнінде кішкене сөз қозғаймыз. Меніңше, әлеуметтік және саяси жағдай туралы онсыз да көп айтылады. Сондықтан тақырып шеңберін тарылтқан дұрыс деп шештік. Ал қазақша нұсқада сәл басқаша болған соң, бір-бірімізді жақсы толықтырып отырамыз.

Шүкенова: Біз үшін бұл ең алдымен сезім мен эмпатияға құрылған жоба. Мұнда саясатқа қайырылу аз, сол әйелдердің бірі болу қандай екен деген ой көбірек толғандырады. Әрі өзіме де жақын тақырып болған соң, бала өлімі, ана болу тәжірибесі, ажырасу және өзінің тегіне қайта оралу туралы айтамыз.

Неліктен жеке тұлғаға назар аударамыз? Меніңше, қазір біз халықаралық саясаттан көріп жүрген жағдайлар дәл осылай адамға және оның құндылықтарына назар аудармаудан туады. Бұл аса ауқымды нарратив, оның артында ұлттық мәселелер немесе тарихи әділетсіздік жатқандықтан, қорқынышты оқиғаларға жол ашады.

Дегенмен, сәл нақтылап алайықшы, кеңестік дәуірде өнер саласында әйелдердің белгілі бір орны болды ма? Кеңестік заманға дейін қалай болды?

Тойшыбек: Еуропалық тәжірибеге бет бұрған кеңес өнері мен Ресей империясының Қазақстанды отарлауына және төңкеріске дейін өмір сүрген қазақ өнерінің айырмашылығын айқындап алу маңызды. Менің ойымша, қазақ өнеріндегі әйелдер өте тәуелсіз болған. Күйші әйелдердің де, айтысқа қатысқан әйелдердің де оқиғасын білеміз. Біржан мен Сараны айтайық. Сараның даңқы қазақ даласында Біржаннан кем болмаған. Демек, әйелдердің өнерге келуі Кеңес мемлекеті енгізген жаңалық емес.


Өзгерген жалғыз нәрсе — өнердің өзі. Біз Baysa-да да, Qazaq Roses подкастында да Сталин айтқан “пішіні ұлттық, мазмұны жағынан социалистік” деген формуланы қайталап отырамыз. Кеңестік өнердегі көркемдік тәсілдердің негізі осы болды.

Бұл тұрғыда Камила Смағұлова ұлтсыздандыру саясаты туралы үнемі айтып отырады. КСРО құрылған алғашқы жылдары бұл саясатты белсенді түрде жүргізді. Артистерімізді еуропалық өнер түрлеріне қосып жіберу де дәл соның аясында өтті. Бұған қоса олар сол өнер түріндегі алғашқылардың бірі болды.

Источник: vlast.kz


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.